profile photo - shynar auelbekova

Ауелбекова Шынар Есембекқызы

SDU университетінің «Мультидисциплинарлық білім беру»
орталығының SDU қауымдастырылған профессоры, PhD

asset 2

Жаңалықтарға жазылу

Студенттер, оқытушылар және тіл сүйер қауым бас қосқан ғылыми ортамызға қосылыңыз.

Әр ай сайын зерттеулерімдегі жаңалықтармен, оқытудың тиімді әдістерімен және тіл біліміндегі қызықты ойларыммен тікелей поштаңызда бөлісемін

Ғылым мен білім арқылы тілдік мұраны сақтау

Менің негізгі мақсатым – тілдің қалай жұмыс істейтінін зерттеу және сол білімді оқытуды жетілдіруге бағыттау. Зерттеулерімде қазақ және түрік тілдерінің лингвистикалық құрылымдары мен әдеби феномендерін салыстыра талдаймын. Мен үшін ғылым теориямен шектелмейді: заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып, студенттердің тілді еркін меңгеріп, сыни ойлау қабілетін дамытуына ықпал етемін.

photo 2025 02 06 15 13 28

Сәлем, мен – Шынар.

Менің ғылымдағы жолым тілге деген бала кезден басталған қызығушылықтан бастау алады. Бүгінде SDU университетінде оқытушы ретінде сол құштарлықты студенттеріммен бөлісемін. Менің зерттеулерім қазақ және түрік тілдерінің лингвистикалық және әдеби әлемін қамтыса, сабақтарым сол теориялық білімді нақты өмірде қолдануға бағытталған.

Мен туралы толығырақ…: Басты бет
photo 2025 02 06 15 12 01 (2)
+
жылдық тәжірибе
«Болашақ ғалым»
бағдарлмасының стипендиаты
+
студент
+
ғылыми жарияланымдар

Негізгі бағыттарым

Түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы дамуын зерттеу. Тілдік және мәдени мұраның ортақ негіздерін талдау.

Соңғы жазбалар

Таңдаулы жарияланымдар

Бұл еңбектерде менің зерттеулерім мен ізденістерім жинақталған.

bbb4 min


«Түрікше-қазақша түсіндірмелі тұрақты сөз тіркестері (ЖИ иллюстрациясымен)»
. Әдістемелік оқу құралы.

Бұл оқу құралы – екі бауырлас тілдің фразеологиялық байлығын салыстыра зерттейтін бірегей еңбек. Еңбектің басты ерекшелігі – әрбір тұрақты тіркестің мағынасын ашуға көмектесетін, жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған визуалды иллюстрациялар. Бұл инновациялық тәсіл күрделі идиомаларды есте сақтауды жеңілдетеді.

Алматы, «Лантар books» баспасы‎, 2025.
ISBN 978-601-7097-65-3


«Мүниәтүл-ғузат» қолжазбасының
зерттелуі. Монография

Бұл монография – ортағасырлық Қыпшақ дәуірінің бірегей жазба ескерткіші «Мүниәтүл-ғузат» қолжазбасына арналған іргелі зерттеу. Еңбекте қолжазбаның тілдік ерекшеліктері, лексикалық құрамы және грамматикалық құрылымы терең талданады. Бұл зерттеу түркі тілдерінің тарихи даму жолын түсінуге және түркітану ғылымына қосылған маңызды үлес болып табылады.

Алматы, «‎Таңбалы» баспасы‎, 2023.
ISBN 978-601-7647-23-0

book3 min
screenshot 2025 09 03 at 19.34.46


Ортақ және ұқсас мақал-мәтелдер. Түрік, қазақ, ағылшын тілдерінде. Көмекші оқу құралы

Бұл оқу құралы үш түрлі тілдегі – қазақ, түрік және ағылшын – ортақ даналықты зерттейді. Мақал-мәтелдерді салыстыра отырып, оқырмандар тіл үйреніп қана қоймай, әртүрлі мәдениеттердің дүниетанымындағы ұқсастықтарды тани алады.

Алматы, «‎Таңбалы» баспасы‎, 2018.
 ISBN 978-9965-792-74-8


Yabancılar için ileri
seviye Türkçe-1. Ders kitabı.

Бұл оқулық – түрік тілін тереңдетіп оқып жатқан шетелдіктерге арналған кешенді құрал. Кітаптың мақсаты – студенттердің B2 (ортадан жоғары) деңгейінен C1 (академиялық) деңгейіне өтуіне көмектесу. Оқулықта күрделі грамматикалық тақырыптар, ресми және академиялық стильде жазу, сонымен қатар еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар жинақталған.

Алматы, «‎Print World» баспасы‎, 2015.

sb5 min

Google Scholar