Бүгінгі күнің кешегі күнге ұқсамасын!
Жаңа оқу жылы басталып та кетті, міне, әріптестер, студент жастар! Университетке біреулер тосырқай қадам жасады, бұлар әрине, бірінші курстар. Ал енді біреулеріміздің соңғы оқу жылы, бұлар бітіруші курстар. Университет дегеніміз – жай ғана аудитория мен кітапхана емес, ол нағыз нетворкинг алаңы, ватсаптағы группаластар группасының мүшелері. Бұл жерде танысқан, бірге оқыған әр досың ертеңгі әріптесің, серіктесің, тіпті өмірлік досың болуы мүмкін.
Университет – бұл тек емтихан мен баға үшін оқу емес, ол – өзіңді табу мектебі. Бір күні аудиторияда отырып жаңа тіл үйренесіз, ертеңіне клубта жаңа хобби ашасыз, ал арғы күні жаңа жобаға кірісіп, стартап бастауға дайын жүресіз. Біздің дәуіріміз – өзгерістер және сол өзгерістерге бейімделу дәуірі, сондықтан оқу мен өмірді тым ресми қабылдаудың қажеті жоқ. Қателессеңіз, күліңіз, үйреніңіз, әрі қарай қадам жасаңыз. Бір-біріңізге қолдау көрсетіп, идеяларыңызды бөлісіп, бірге жұмыс істеңіздер, себебі университет – командалық ойын алаңы. Мен де оқытушы ретінде айтайын: мен сіздерге тек грамматика мен ережелерді үйреткім келмейді, мен сіздердің еркін сөйлеп, еркін ойлап, еркін күле білетін азамат болғандарыңызды қалаймын. Түрік тілін үйренесіздер ме, ағылшын ба, әлде басқа саланы ма – маңыздысы, осы қабырғаларда алған білімдеріңіз сізді өмірдің кез келген жағдайында алға сүйреуі тиіс. Сондықтан жаңа оқу жылының атмосферасын сезініңіздер, аудиториядан шыққанда тек лекция емес, жаңа достық, жаңа идея, жаңа мүмкіндік алып шығыңыздар. Әр күніңізді кешегі күніңізге ұқсамасын.
Ал кеттік, достар, жаңа оқу жылында жаңа қарбалас, жаңа оқиғалар бізді күтіп тұр.