pexels chuck 3728084

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ ҚИЫН, МОТИВАЦИЯ – БІЛІМ


Өмір – бұл қысқа ғана сапар. Діттеген жерден де маңызды екенін көрсету үшін атам қазақ «өмір жолы» деп жатады. Мен, Шынар Ауелбекова желтоқсан айы жылы болатын оңтүстіктің бір ауылында дүниеге келдім. Орта  мектепті бітіруім, еліміздегі бір керемет университеттің ашылуымен сәйкес келіп,  сол оқу орнына түсіп кеттім. 

Өмір – бұл қысқа ғана сапар. Діттеген жерден де маңызды екенін көрсету үшін атам қазақ «өмір жолы» деп жатады. Мен, Шынар Ауелбекова желтоқсан айы жылы болатын оңтүстіктің бір ауылында дүниеге келдім. Орта  мектепті бітіруім, еліміздегі бір керемет университеттің ашылуымен сәйкес келіп,  сол оқу орнына түсіп кеттім. 

Әкем марқұм өте білімді, ғылымға құштар физика мұғалімі болған еді. Әкем мені жастайымнан ғалым болуға баулыды. Жастайымнан бойыма сіңірілген  тәрбиенің жемісі болса керек, өзім де ғылымға жақын болдым. Университеті бітіргеннен кейін ғылым жолын жалғастыратыныма нық сенімді едім.  Ғылым жолым мені Түркияның Анкара қаласына апарды.  «Қазақ тілі мен әдебиетінің маманы болған маған «түрік тілі мен әдебиеті» бөлімінің магистратурасын, докторантурасын бітіріп шығу, ғылым сапарының жемісті жалғасы болды. 

 Қазақ тілінің тарихи дәуірлерін, әсіресе, Қыпшақ дәуірін зерттеу қызықты ғана емес, өзекті де сала болды деп ойлаймын. Өйткені қазақ тілінің тарихына қатысты көне жазба деректерді қолжазбалардан  зерттеп жүрген ғалымдар көп емес, әрі бұл қазақ тілі ғылымы үшін өте қажет сала ол кез үшін де, қазіргі уақытта да… Тағы бір айта кетерлік жағдай, «ұстаз нығмет» дейді қазақ. Ондағысы жақсы ұстазың болса, ғылым сапары сәтті болады дегенді білдіреді. Қыпшақ дәуірінде жазылған  «Миниатүл-ғузат» деген қолжазбаны зерттеуде маған жетекшілік еткен профессор Мустафа Уғурлы ұстазым — түркітану саласында Түркияда ғана емес түркі әлемінде,еуропада танымал, саласының алдыңғы қатарлы  өте білікті ғалым. Магистрлік зерттеуімнің бағыт-бағдарын нақты айқындап, ғылым жолында өте көп білімді қолымнан жетектіп жүріп көрсетті. Мустафа Уғырлы ұстазыма басымды иіп құрмет етемін. Рахмет саған ұстаз.

Докторлық диссертациямның тақырыбы сонау 1997 жылдарда өзекті болған, әлі күнге дейін күн тәртібінен түспеген қазақ  жазуының латын жазуына көшуі мәселесі туралы еді. Нақтырақ айтсам,  “1890 — 1930 жылдар аралығындағы қазақ басылымдарында тілге қатысты көзқарастар мен тәжірибелер” атты диссертациялық жұмысым тілдің ұлттың тарихы, өткені мен болашағына қалай әсер еткенін зерттеуге мүмкіндік берді. Ғылыми зерттеу жұмыстарымды жасай жүріп, жеке өмірімде де өзгерістер болып жатты.  Осы кезеңде мен екінші ұлымды дүниеге әкеліп, оны өсірдім. Тұңғышым магистратурада оқып жүргенде туылды. Академиялық жұмысты аналық міндеттермен қатар алып жүру оңай болған жоқ, бірақ жастықтың күші, жарымның қолдауы және дұрыс жоспарланған уақытты басқару мені бұл қиыншылықтан да жеңіспен алып шықты. Бір мезгілде әрі  ғалым, әрі ана болу маған бұрынғыдан да мықты және қатаң ұйымдастырылған жоспармен жұмыс істеуді  үйретті. 

Докторантурада оқыған жылдар мен үшін ең өнімді және мазмұнды академиялық кезеңдерімнің бірі болды. Осы уақыт ішінде Түркияның тарихи қолжазбалар сақталған кітапханалары мен архивтерінде зерттеу жүргіздім. “1890 — 1930 жылдар аралығындағы қазақ басылымдарында тілге қатысты көзқарастар мен тәжірибелер”  деген тақырып ең жақсы Ресей архивтерінде зерттеле алатын еді. Сондықтан мен Петербург қаласына аттанып кеттім. Ол жерде әлемге танымал Петербург университетінің профессоры шығыстанушы профессор Сергей Григорьевич Кляшторный, түркітанудың аңыз ғалымының өзінен кеңес алып, зерттеу жүргізу бақытына ие болдым. Петербург кітапханаларында өткізген күндерім маған тек ғылыми зерттеу жұмысы ғана емес, сонымен қатар жоғары академиялық тәртіп пен зерттеу этикасы қалыптасқан орта көрудің артықшылығын және зерттеу жүргізудің қандай ауыр еңбек екенін анық сезіндірді.

Қазіргі зерттеу әдістері және жасанды интеллект мүмкіндіктері

Бүгінде ғалымдар технологияның арқасында әлдеқайда тиімді жұмыс істей алады. Бұрын бірнеше аптаға созылатын зерттеулер енді бірнеше сағат ішінде жасап алуға мүмкіндік бар. Бұрын бір мақала табу үшін кітапханада бірнеше күн іздеу қажет болса, енді бірнеше секунд ішінде мыңдаған дереккөзге қол жеткізуге болады. Қазіргі зерттеушілер жасанды интеллект пен цифрлық ресурстардың арқасында әлдеқайда тиімді жұмыс істей алады. Дегенмен, ғылымның негізгі мәні өзгерген жоқ – ол ізденіс, талдау және тәртіпке негізделген еңбек. Технология қаншалықты дамыса да, зерттеушінің интеллектуаль еңбегі мен ойлау қабілеті әрдайым басты рөл атқарады.

Докторлық диссертациямды жаза жүріп, ғылым жолындағы алғашқы еңбек жолымды да бастап кеттім.  Ең маңыздыларының бірі – қазақ тілін шет тілі ретінде Түркияда үйреткен тәжірибем. Түркияда «Дүниежүзілік тілдер орталығында» қазақ тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім. Өз ана тілім қазақ тілін шет елдіктерге үйрету мен үшін үлкен мақтаныш болды. Кейіннен сол қазақ тілін үйреткен курсиерлер елімізге келгенде, хабарласып, «қазақ тілін жақсы үйреткеніңіз үшін рахмет» деп ризашылықтарын білдіріп жатты. 

Елге оралғанда, жоғары оқу орындарының шығыстану, түрік тілі  факультеттерінде дәрістер бердім. Бұл тәжірибем, тілді оқыту тек теориямен шектеліп қалмай, оның практикалық тұрғыдан да дамытылуы қажет екенін терең түсінуіме себеп болды. Түрік тілін үйрете жүріп тіл оқыту әдістерін жетілдіріп, әртүрлі мамандық иелеріне тілді үйретудің авторлық методикасын жасадым

Ғылым жолы сапарда маған әрқашан ең күшті мотивацияны менің студенттерім берді. Олардың білімге, тілді үйренуге деген қызығушылығы, ізденісі, талпынысы – менің осы салада жұмыс істеуге деген сенімімді одан әрі нығайтты. Академиялық қызмет – тек білім беру ғана емес, ол – болашақ ұрпаққа тәрбие беруді де қамтитын бір өмір. Бүгін өткен жолыма көз жүгірте отырып, өмірімді ғылым мен білімге арнағанымды мақтанышпен айта аламын. Оңай емес, бірақ мағынасы терең, нәтижесі мол сапар… 

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *